«Жасыл академия» ҒБО директоры, ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің мүшесі, э.ғ.д., профессор Есекина Б.К. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (ҚР СЖПА) төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 18 бұйрығымен ҚР СЖПА Қоғамдық кеңесінің құрамына сайланды: https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/documents/details/149918?lang=ru
ҚР СЖПА Қоғамдық кеңесі консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның мақсаты — елдің бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған стратегиялық жоспарлау және тиімді реформалар саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудағы әлеуметтік маңызды мәселелерге азаматтық қоғамның көзқарасын білдіру. Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы 2021 жылдың сәуір айының бірінші онкүндігіне жоспарланған.