2023 жылғы 22 маусымда «AMANAT» партиясының конференц-залында «Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мәселелері бойынша саяси диалог және COP-28» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті және «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырды. Семинар ЕО, ЕҚДБ-ның Қазақстандағы өкілдіктері мен Еуропалық орман институтының (Финляндия) қолдауымен өтті.
Семинар-тренинг ҚР-ның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру жөніндегі келешек қадамдарды талқылау және СОР-28 конференциясында келіссөздер процесінде елдік ұстанымды әзірлеу мақсатында өткізілді. Қатысушылар алдында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Фракциясының басшысы, партияның Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты, Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің Төрағасы Еділ Жаңбыршин, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестусис Янкаускас, ЕҚДБ директоры, Қазақстандағы басшысы Хусейн Озхан құттықтау сөз сөйледі.
Тренингтің модераторы ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры д-р Бақыт Есекина болды.
Келесі спикерлер презентация жасап, сөз сөйледі: д-р Георгий Сафонов, Еуропалық орман институты директорының орынбасары /SIPA/IDDRI жобасы (онлайн); Ерлан Рамазанов, директордың орынбасары, энергетика жөніндегі Өңірлік басшы, Еуразия, Таяу Шығыс, Африка (офлайн), Уильям Баттай, Тұрақты бизнес пен инфрақұрылым бөлімінің директоры, Климаттық стратегия және іске асыру, ЕҚДБ, Лондон (онлайн), Дмитрий Голубовский, Бизнес пен өнімдерді дамыту директоры, Климаттық стратегия және іске асыру, ЕҚДБ, Лондон (онлайн), Роберто Гонсалес, Тұрақты бизнес пен инфрақұрылым бөлімінің директоры, Климаттық стратегия және іске асыру, ЕҚДБ, Лондон (онлайн); Қуаныш Бейсенғазин, Экономикалық зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары (офлайн); Алексей Кокорин, UNFCCC сарапшысы (онлайн).
Талқылауға қатысқандар: Ольга Булавкина, депутат, ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы; Мәжіліс депутаттары, Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшелері — Дүйсенбай Турғанов, Бауржан Смағулов, Арман Қалықов, Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі Айжан Сқақова, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры Сәуле Сәбиева.
Қорытындылай келе, алдағы СОР-28 конференциясына келісілген ұстанымды қалыптастыру үшін одан әрі зерттеулер жүргізу және саяси диалогты жалғастыру қажеттілігі атап өтілді.
Семинар-тренинг жұмысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ЭМ, ИИДМ, ЭТРМ, АШМ, ЦДИАӨМ вице-министрлері, ҒЖБМ Ғылым комитеті, ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ төрағаларының орынбасарлары, департамент директорлары, ЭТРМ, СЖДА және Астана қаласы әкімдігі басқармаларының жетекшілері қатысты. Барлығы офлайн және онлайн форматтарда 60 адам қатысты.