ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ДАМУҒА КӨШУ СТРАТЕГИЯСЫ: ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘЛЕУЕТІ, БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ТЕТІКТЕРІ

ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ДАМУҒА КӨШУ СТРАТЕГИЯСЫ: ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘЛЕУЕТІ, БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ТЕТІКТЕРІ

Монография ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан экономикасының төмен көміртекті дамуының теориялық-әдістемелік негіздерін әзірлеу: қағидалары,болжау сценарийлері және оларды 2015-2016 жылдары жүзеге асыру тетіктері» тақырыбына арналған жобаларын, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Жасыл Академия» ҒБО және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға дейін азайту саласындағы ұлттық міндеттемелерін негіздеу» тақырыбына арналған бірлескен жобаларын жүзеге асыру аясында жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша авторлар ұжымы дайындады. Монографияда төмен көміртекті даму саласындағы халықаралық зерттеулерді талдап қорыту және сыни тұрғыдан зерделеу негізінде, алғаш рет қазақстандық экономикалық ғылымда көміртек әлеуеті өте жоғары экономикаларды көміртексіздендірудің теориялық-әдістемелік негіздері әзірленді, Париж климаттық келісімін жүзеге асыру жағдайында төмен көміртекті дамудың басым бағыттары мен модельдері негізделді. Авторлар ұлттық экономикаларды көміртексіздендірудің деңгейін бағалау әдістері мен индикаторларын зерттеп, өнеркәсіптің негізгі салаларындағы парниктік газдар шығарындыларын азайту сценарийлерін ұсынды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясын және оны 2018-2030 жылдары жүзеге асыру тетіктерін негіздеді. Монография мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық компаниялардың, ғылыми-зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарының, бизнес-құрылымдардың басшылары мен мамандарына және жаһандану мен климаттың өзгеруі жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығына қол жеткізу проблемаларына қызығушылық танытып жүргендерге арналған.

Бағасы – 5500 тг.

Пікір үстеу