Жасыл өсу көрсеткіштерін Қазақстан Республикасында енгізу мәселесі

«Жасыл Академия» Ғылыми — білім беру орталығы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика Комитетімен бірлесіп, 2019 ж. 15 мамыр күні сағат 10.00-де «Жасыл өсу көрсеткіштерін Қазақстан Республикасында енгізу мәселесі және ЭЫДҰ жасыл өсу көрсеткіштері негізінде жасалған Ұлттық Есепті дайындау» жобасы шеңберінде Жұмыс Тобының III-отырысын өткізеді.

Аталған іс-шара барысында төмендегі негізгі тақырыптар бойынша талқылау өтеді:

· Қазақстан Республикасында жасыл өсу көрсеткіштерін енгізу мәселесі;

· ЭЫДҰ жасыл өсу көрсеткіштері негізінде жасалған Ұлттық Есептің презентациясы;

· Жаңа жасыл өсу көрсеткіштерінің методологиясын талқылау.

Отырыстың жұмысы барысында ҚР министрліктері мен ведомстволарының басшылары және қызметкерлері, ЭЫДҰ халықаралық сарапшылары, БҰҰДБ, АДБ, GIZ, сондай-ақ, Экономикалық зерттеулер Институты, Үкіметтік емес ұйымдардар және бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел 8 даңғ., «Министрліктер Үйі», 4-кіреберіс,1006-кабинет;

Байланыс : — ҚР ҰЭМ Статистика Комитеті:

тел. 8(7172) 749778 — Асель Джартыбаева;

e-mail: a.dzhartybaeva@economy.gov.kz

— «Жасыл Академия» Ғылыми — білім беру орталығы:

тел. 8(7172) 277293 — Индира Жайсанбек;

e-mail: info@green-academy.kz