Тұрақты Даму көрсеткіштерін мемлекеттік жоспарлауға және ұлттық статистикаға енгізу жолдарын анықтау

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру ортылығы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, БҰҰ ЕЭК қолдауымен 2019 ж. 25-26 қаңтарда Астана қаласында мемлекеттік органдардың басшылығына арналған ТДМ көрсеткіштерін стратегиялық жоспарлау жүйесіне енгізу мәселесі бойынша cеминар — тренинг өткізді.

Аталған іс-шараның негізі мақсаты — Тұрақты Даму көрсеткіштерін мемлекеттік жоспарлауға және ұлттық статистикаға енгізу жолдарын анықтау, сондай-ақ ТДМ-ды іске асыру туралы Ерікті ұлттық есепті (ЕҰЕ) дайындау бойынша ұсыныстарды жасау.

Семинардың ашылуында ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі М.Джунусбекова, ҚР Сыртқы істер минстрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры А.Рахметуллин, БҰҰ ЕЭК Статистика бөлімінің Аға маманы М.Наги сөз сөйледі. ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒББО Директоры Б.Есекина іс-шараның Модераторы болды.

Семинар барысында келесі тақырыптарда 5 сессия өткізілді:

  1. ТДМ-ді іске асыру: жаһандық, аймақтық және ұлттық деңгей;
  2. 13-ТДМ — Климаттың өзгеруін жұмсартуға бағытталған іс-шаралар;
  3. 7-ТДМ — Қолжетімді және таза энергия;
  4. 11-ТДМ — Тұрақты қалалар;
  5. 6-ТДМ — Таза су және санитария.

Спикерлер ретінде келесілер қатысты: БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің міндетін атқарушысы В.Времиш, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Е.Айдапкелов, ҚР ИИДМ Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шарушылық комитеті Төрағасының орынбасары Б.Шаханов, ЮНЕП өкілі О.Атымтаев, Fintech 4Good Басшысы (Қытай) С.Джанг, Қазақстандағы ЮСАИД жобасы А.Арзуманян, БҰҰ ЕЭК Тұрғын үй шаруашылығы және жерді қолдану бөлімінің басшысы Г.Ролл, «Термотехника» (РФ) Бас директоры И.Савинцева, ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл» экономика департаментінің Директоры А.Шалабекова, ҚР Энергетика министрлігі ЖЭК департаментінің Директоры А.Соспанова, Astana Innovations Төрағасы О.Сартаев және басқалар.

Іс-шараның барысында Қазақстанның ҰЭМ, СІМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, ДСМ, Астана қаласы Әкімдігінің, ғылыми-зерттеу институттарының, «Астана Innovations», «Талап» Орталығының, сонымен қатар, бизнес-компаниялар мен ғылыми-өндірістік бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Талқылау барысында энергетика, климат, қаланы және инфрақұрылымды басқару сияқты салаларды жаңалау және сандық жүйеге көшіру бойынша халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, стратегиялық жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.

Семинарға қатысушылар көптеген көрсеткіштердің Үкіметтің стратегиялық және саяси құжаттарына енгізілгенін хабарлады, алайда қоғамның барлық секторларының, соның ішінде ғалымдарды, сарапшыларды және ҒӨБ өкілдерінің қатысумен талқылауды жалғастыру қажеттігі айтылды.

Аталған семинардың нәтижесі бойынша ТД көрсеткіштерін мемлекеттік даму Бағдарламаларына енгізу бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар енгізіліп, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.