2020 ж. 24 сәуірде «Экономиканы декарбонизациялау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» тақырыбына арналған онлайн-дәріс өтті

2020 ж. 24 сәуірде «Экономиканы декарбонизациялау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» тақырыбына арналған онлайн-дәріс өтті (байланыс мекен-жайы:https://meet.google.com/ktj-sxgf-aym).

Аталған іс-шараны Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ), «GREEN ACADEMY» ғылыми-білім беру орталығы және экологиялық бастамалар орталығы (РФ) ұйымдастырды.

Онлайн дәрістің ашылуында Др. С.Сағынтаева – АЭжБУ ректоры, э.ғ.д., проф. Модераторы ретінде – АЭжБУ Менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент М.Салықова.

Дәріс берушілер: Др. М.Юлкин – Ресей Экологиялық инвестициялар орталығының бас директоры, халықаралық сарапшы, э.ғ.д., проф., тақырыбы: Экономиканы декарбонизациялаудың халықаралық тәжірибесі және Др. Б. Есекина – Қазақстан Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ғылыми білім беру орталығының директоры, э.ғ.д., проф., тақырыбы: ҚР төмен көміртекті даму стратегиясы: мақсаттары мен бағыттары.

Сонымен қатар, лекция кезінде АЭжБУ-дің келесі өкілдері талқылауға қатысты: өндірістік жылуэнергетика кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Е.Үмбетов жылу қондырғыларына арналған биотехнологиялық жоба жөнінде ұсыныс жасады, Менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының проф., Др. Р. Сатова, Экологиялық инженерия және еңбекті қорғау кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент А.Абикенова және осы кафедраның Инженерлік және өндірістік қауіпсіздік зертханасының меңгерушісі, доцент Т.Санатова электролиз негізінде сутегі өндірісі бойынша жоба туралы ұсыныс жасады, сондай-ақ, көміртегі нарығының сарапшысы – PhD Р. Муратов және т.б.

Онлайн дәріске ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, БҰҰДБ, ЮНЕП, GIZ, АЭжБУ оқытушылары мен студенттері, ҚазҰУ, «Нархоз» университеті, «Тұран» университеті, MAИ, Қазақ ғылыми-зерттеу институты, Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, ҚР БҒМ География институты, ҚР БҒМ Экономика институты, Гидрогеология және гидрофизика институты, Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы, «Eco-Jer» қауымдастығы, «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша Қазақстан қауымдастығы, «Алматы электр станциялары» АҚ, бизнес-компаниялар және басқа ұйымдар қатысты, жалпы 80-нен астам қатысушы болды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша төмен көміртекті дамыту стратегиясы жобасын кең талқылауды жалғастыру және тиісті ұсыныстарды ҚР ЭГТРМ-ге енгізу туралы ұсыныс қабылданды.