Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ, «Жасыл Академия» ҒБО, Экологиялық бастамалар орталығы (РФ) ұйымдастырған on-line іс-шараның қатысушылары — мемлекеттік органдар, Қазақстан жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, Eco-Jer Ассоциациясы, GIZ, ЮНЕП, бизнес құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері баяндамаларды талқылап, келесі ұсыныстарды қабылдады:
Қазақстан Республикасының төмен көміртекті даму стратегиясын (бұдан ары – ТКДС) әзірлеу, оның мақсаты өндірістің энергия тиімділігін арттыру, шығарындылардың сауда жүйесі және ЖЭК дамыту, сондай-ақ «жасыл» технологияларды кеңінен енгізу арқылы ұлттық экономиканың тұрақтылығын арттыру қазіргі кезеңде елдің жаңа экономикалық стратегиясының драйвері болуы керек. Оны дамыту және елдің стратегиялық жоспарлау жүйесіне енгізу үшін төмендегілер қажет:
1. ЭГТРМ аймақтар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, аймақтар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша парниктік газдар шығарындыларына ауқымды инвентаризация жүргізу;
2. ҰЭМ, ЭГТРМ және ИИДМ бірлесіп ТКДС-ке және оның сценарийлеріне басым индикаторларды таңдау бойынша жиналыс өткізу. Негіз ретінде ЭЫДҰ-ның келесі индикаторлары ұсынылады: 1) ЖІӨ-нің көміртегі сыйымдылығы (импорт пен экспортты ескере отырып, сұраныс пен тұтыну тұрғысынан қарағанда) және адам басына шаққандағы ЖІӨ; 2) ЖІӨ энергия сыйымдылығы; 3) ЖІӨ шығындылығы; 4) аумақтың орман жамылғысы және т.б.;
3. ЭГТРМ, БҒМ, ҰЭМ елдің декарбонизация әлеуетін бағалау мақсатында ұлттық экономиканың негізгі салалары үшін мүмкін болатын қауіптер мен көміртек іздерін бағалау бойынша мақсатты зерттеу бағдарламасын бастау;
4. ҰЭМ, ЭГТРМ 2020-2023 жж. арналған Парникті газдар шығарындыларының ұлттық жоспарына енгізілген кәсіпорындарға (қондырғыларға) ақылы квоталар енгізу және 2021 жылдан бастап реттелмейтін салалар үшін көміртегі салығын енгізу мәселесін қарастыру;
5. ҚМ, БҒМ, АХҚО халықаралық серіктестермен (ЕҚҚДБ, GIZ және басқалар) бірлесіп, ластаушы заттар шығарындыларын азайтып жатқан немесе азайтуды жоспарлайтын компаниялар үшін «жасыл» облигациялар (green bonds) шығару мүмкіндігін қарастыру;
6. ЭГТРМ, БҒМ, ЖТХО халықаралық серіктестермен (ЕҚҚДБ және басқалар) бірлесіп Таңдамалы Қолжетімді Технологиялардың ластаушы заттар шығарындыларына әсерін бағалау үшін зерттеу жүргізу;
7. ЭМ, ИИДМ, БҒМ халықаралық серіктестермен (ЕҚҚДБ және басқалар) бірлесіп геотермалдық энергия көздерінің әлеуетін бағалау бойынша зерттеулерді жандандыру және пилоттық жобаларды іске қосу;
8. ЭГТРМ, «Жасыл Академия» ҒБО халықаралық серіктестердің (БҰҰДБ, GIZ және т.б.) қолдауымен хабардарлықты арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың басшыларына, депутаттарға, ғалымдарға, бизнес және үкіметтік емес ұйымдарға арналған іс-шаралар өткізу;
9. ЦДИАӨМ, ЭГТРМ, БҒМ шығарындыларды инвентаризациялау саласында және парниктік газдар туралы есеп беру, сондай-ақ мониторинг жүйесінде (MRW) сандық технологияларды енгізу мүмкіндігін, оның ішінде blockchain платформасын қолдану мүмкіндігін зерттеу; 10. ЭГТРМ ҚР Парламенті Мәжілісінің тиісті комитетімен бірлесіп, Стратегия (ТКДС) жобасын талқылау үшін тақырыптық жиналыс өткізу және ҚР Президентінің жанындағы Жасыл экономика жөніндегі кеңес отырысын өткізу.