2018 жылғы 12 қаңтардаАстана қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшу болашағы мен механизмі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Астана қаласы әкімдігі мен «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығыжәне «Kaukointernational Central Asia» ЖШҚ (Финляндия) қолдауымен ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шара — қалаларды декарбонизациялаудың халықаралық тиімді тәжірибесін талқылау және Астана қаласының төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеу бойынша ұсыныстарды дайындау мақсатында өткізілді.
Іс-шараның ашылу рәсімінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев әкімдіктердің алдында табиғи ресурстарды басқару және кәсіпорындардың энергия нәтижелілігі мен энергияны үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру бойынша тиімді шаралар қабылдау жөнінде жаңа міндеттер қойды.
Қала басшысысөйлеген сөзінде сондай-ақ климаттық әсерлер халықтың денсаулығына әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ бүкіл мегаполистің қалыпты тіршілік әрекетіне қауіп-қатер жасайтын теріс фактор болып отырғаны аталып өтілді.
Бұл тұрғыда қала әкімдігі елорданың 20 жылдық мерейтойы жылы болғалы тұрған 2018 жылды Экология және энергия тиімділігінің жылы болады деп жариялады.Ағымдағы жылы қалада ұзақ мерзімді перспективаға арналған парниктік газдардың шығарындылары мен қалдықтарды төмендету бойынша стратегиялық шараларды әзірлеу жоспарланып отыр.
ҚР Энергетика Вице-министрі Ғани Сәдібеков өз сөзінде Энергетика министрлігі 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының төмен көміртекті даму стратегиясына арналған техникалық тапсырмаларды даярлау бойынша жұмысты бастау жоспарланып отырғанын айтты. Бұл жобаны қаржыландыру мәселесіДүниежүзілік банкінің нарыққа (PMR) дайындығы жөніндегі Әріптестік Ассамблеясының отырысында мақұлданды.
Дөңгелек үстелді ұйымдастыру бойынша әріптестердің бірі «Kaukointernational Central Asia» фин компаниясы болды. Бұл тұрғыда Финляндия Елшісі Микко Кивикоски «жасыл» экономика және төмен көміртекті даму саласында мемлекеттің табыстары туралы әңгімелеп, жобаларды іске асыруда және технологиялармен бөлісуде Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға даяр екенін білдірді.
Астананың төмен көміртекті дамуға өтуі бойынша, ТДМ аясында қалалардың тұрақты даму мәселелеріне, көмір электр станцияларының парниктік газдарының шығарындыларын тазарту, қалаларды декарбонизациялаудың инновациялық шешімдері бойынша Финляндияның тәжірибесі жөнінде, өнеркәсіптегі және көліктегі энергия тиімділігін арттыру, «Ақылды қала» құру мен Вена қаласының мысалында қалдықтарды энергияға қайта өңдеу жолымен декарбонизациялау бойынша Германияның тәжірибесі жөнінде,ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру үшін smart-технологияларды қолдану бойынша ұсыныстармен және презентациялармен: Қазақстан Республикасындағы АДБ Өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, Австрияның Қазақстандағы Елшісі Герхард Сайллер, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономика» жөніндегі Кеңестің мүшесі, э.ғ.д., профессор Бахыт Есекина, «Kaukointernational Central Asia» ЖШҚ (Финляндия) Бас атқарушы директоры Владимир Олещенко, «DeltaEngineering» ЖШС бас директоры, PolarSol фин компаниясының өкілі Ерлан Куанышев, ECP Group Oy (Финляндия) басқарушы директоры Тапани Стипа, Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Томас Хельм, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Айдар Қазыбаев, «Термотехника» ЖШҚ (РФ) даму департаментінің директоры, НИОКР бөлімінің басшысы Валентин Ким сөз сөйледі.
Іс-шараның модераторлары «Жасыл Академия» ҒБО директоры, ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономика» жөніндегі Кеңестің мүшесі, э.ғ.д., профессор Бахыт Есекина және Астана қаласы әкімдігінің Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев болды.
Талқылауға қалалық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, отандық бизнес, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшуі бойынша Стратегия әзірлеу үшін халықаралық және отандық сарапшылардан құрылған Жұмысшы тобын құру жөнінде ұсыныстар жасалды.
Іс-шараның барысында «жасыл» экономика мен төмен көміртекті даму саласындағы әлеуетті дамыту, қоршаған орта саласында және Астана қаласының экологиялық қауіпсізді бойынша бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу жөніндегі ынтымақтастық туралыАстана қаласы әкімдігі, «Жасыл Академия» ҒБО және «Kaukointernational Central Asia» ЖШҚ (Финляндия) арасында үш жақты меморандумға қол қойылды.