2025 жылғы 30 мамырда Астанада Astana International Forum платформасында «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ЭЫДҰ, SIPA/IDDRI (Франция) жобасының, ОАУ қолдауымен «Орталық Азиядағы көміртегі нарығын дамытудың әлеуеті мен перспективалары» тақырыбында панельдік сессия өтті. Іс-шараның мақсаты Қазақстанның көміртегі бейтараптығының жол картасы жобасы үшін көміртегі нарығын қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу болды.
Сессияға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледі: ҚР ЭЫДҰ Вице-министрі Мансур Ошурбаев, ЭЫДҰ, Еуразия департаментінің басшысы Уильям Томпсон. Іс-шараның модераторы ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО Директоры, Доктор Бахыт Есекина болды.
Қатысушылар келесі тақырыптарда баяндамалар мен презентациялар тыңдады:
ЭЫДҰ-ның көміртегі инфрақұрылымын және көміртегі нарығын дамыту тәжірибесі (Д-р Георгий Сафонов,ОА-дағы SIPA ЭЫДҰ/IDDRI жобасы);
ОА-дағы көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді институционалды қолдауға қатысты ОАУ-ның көзқарасы (Д-р Кристофер Герри, Орталық Азия Университетінің ректоры);
Өзбекстанның энергетикалық ауысуға бейімділігі мен осалдығы: ESTEEM моделінен тұжырымдар (Д-р Сакир Деврим Илмаз, Аға ғылыми қызметкер, AFD);
Көміртексіздендіру әлеуеті және Қазақстандағы көміртегі нарығының болашағы (Д-р Досым Кыдырбаев, Rakurs Consulting Group);
Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу Стратегиясын іске асырудың Жол картасын әзірлеу (Қуаныш Бейсенгазин мырза, «Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының» басқарушы серіктесі).
Талқылауға «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры, Ж.А. Нұрмағанбетов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, Мұратов Р.М. және басқалар қатысты.
Қорытындылай келе, офсеттік бірліктерді іске асыруға квоталарды бөлу тетігін құру қажеттілігіне, сондай-ақ Қазақстанның шығарындылар саудасының қолданыстағы жүйесі, ұлттық тізілімі және тиісті нормативтік базасы бар ел ретіндегі рөліне қатысты ұсыныстар ұсынылды. Панельдік сессияның қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар ҚР Үкіметіне жіберілетін болады. Іс-шараға офлайн форматта 70-тен астам адам қатысты
Іс-шараның жазбасы: https://www.youtube.com/live/zcCujSQ4DKw?feature=shared… (2:21:14)
Анықтама бойынша тел.: +7 705 307 1126, +7 702 176 8261
Email: info@green-academy.kz
Linkedin: https://kz.linkedin.com/company/green-academy-kz
Instagram: https://www.instagram.com/green_academy.kz/








