АСТАНАДА ПАРИЖ КЕЛІСІМІНІҢ 6-БАБЫ БОЙЫНША СЕРІКТЕСТІККЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Астанада «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және Табиғи Ресурстар министрлігімен, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, SIPA/IDDRI жобасы мен Орталық Азия Университетінің қолдауымен, ұйымдастырған «СОР-29: қорытындылар мен Қазақстанға ұсынымдар» тақырыбында Семинар өтті.

Іс-шара Баку қаласында а.ж. 12-22 желтоқсан аралығында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (СОР-29) тараптарының Климаттық конференциясының қорытындылары туралы Мемлекеттік қызметшілерді-магистранттар мен академия оқытушыларын және тыңдаушыларын ақпараттандыру және Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру жоспары үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында өткізілді.

Семинар спикерлеріне алғыс айтамыз: Ерлан Нысанбаев (ҚР ЭТРМ), Д-р Ерлан Әбіл (ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы), Кэти Лич (Ұлыбританияның ҚР елшісі), Рустем Қыдырбеков (ҚР ЭМ), Д-р Георгий Сафонов (SIPA/IDDRI), Олег Плужников («Climate Strategies»), Д-р Кристофер Герри, (ОАУ), Блэр Блэквелл («CHEVRON» АҚ), Зуфар Тоқпаев («Жасыл Даму» АҚ), Берик Ербосынов (ҚР СИМ, «КАЗСТАНДАРТ» РМК), Наталья Бачинская (Chapter Zero Kazakhstan) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметшілері арасында сөз сөйлегені және хабардарлықты арттыруға қосқан үлесі үшін.

«Жасыл Академия» ҒБО және ОАУ Орталық Азияда Париж келісімінің 6-бабын ілгерілету саласында әріптестік құрғанын жариялып, халықаралық және отандық ұйымдарды осы бастамаға қосылуға шақырды.

Қорытындылай келе, онлайн-тестілеуден сәтті өткен семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.

email: info@green-academy.kz