Басқарушылық шешімдер табу процессінде тұрақты даму көрсеткіштерін енгізу мәселелері

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру ортылығы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, БҰҰ ЕЭК қолдауымен 2019 ж. 25-26 қаңтарда Астана қаласында мемлекеттік органдардың басшылығына арналған cеминар — тренинг өткізеді.

Аталған іс-шараның тақырыбы: Басқарушылық шешімдер табу процессінде тұрақты даму көрсеткіштерін енгізу мәселелері. Семинар барысында келесі тақырыптарда 5 сессия болады деп жоспарлануда:

  1. ТДМ-ді іске асыру: жаһандық, аймақтық және ұлттық деңгей;
  2. 13-ТДМ — Климаттың өзгеруін жұмсартуға бағытталған іс-шаралар;
  3. 7-ТДМ — Қолжетімді және таза энергия;
  4. 11-ТДМ — Тұрақты қалалар;
  5. 6-ТДМ — Таза су және санитария.

Спикерлер ретінде төмендегі тұлғалардың қатысуы күтілуде: Астана қаласының Әкімі Б.Сұлтанов, ҚРҰлттық экономики Вице-Министрі М. Жүнісбекова,БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары В.Времиш, Статистика бөлімінің Бас маманы БҰҰ ЕЭК М.Наги, «Жасыл Академия» ҒББО Директоры Б.Есекина, Fintech 4Good (Қытай) басшысы С.Джанг, «Келешек энергиясы» USAID Аймақтық жобасының басшысы А.Арзуманян, «Термотехника» (РФ) Бас директоры И.Савинцева және басқалар.

Семинар-тренингтің жұмысы барысында ҚР ПӘ, ҚР ПМК, ҚР АШМ, ҚР ИИДМ, ҚР ҰЭМ, ҚР СІМ, ҚР ЭМ, Статистика комитетінің өкілдері және Қазақстан Республикасының басқа да министрліктері мен ведомстволарының, сондай-ақбизнес компаниялары мен ғылыми-өндірістік бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Аталған семинардың нәтижесі бойынша қатысушыларға сертификаттар беріліп, стратегиялық жоспарлау жүйесіне ТДМ-ді енгізу бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар енгізіледі деп күтілуде.

Өткізу орны: Астана қ., «Astana Marriott Hotel» қонақ үйі

Өтетін күні/уақыты: 2019 ж. 25-26 қаңтар, сағ.09.00-17.00.

Байланыс: ҚР Ұлттық экономика министрлігі: +7 (7172) 751625

«Жасыл Академия» ҒББО: +7 (7172) 277293, 277294,

info@green-academy.kz