«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру ортылығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп 2019 ж. 24-25 қазанда Нұр-Султан қаласында «Тұрақты даму мен шығарындылардың мониторингіне арналған Blockchain» тақырыбына Семинар ұйымдастырды.
Семинар аясында цифрлық технологияларды қолдану мәселелері, оның ішінде шығарындыларды бақылауға арналған блокчейн мәселелері алғашқы рет талқыланды.
Аталған Семинар жұмысына төмендегі тұлғалар қатысты: Зулфухар Жолдасов мырза, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы, Бейбіт Есенбаев мырза, ҚРДенсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры. Іс-шараны модераторы ретінде ҚР Президентінің жанындағы «жасыл» экономика Кеңесінің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО Директоры Др. Бахыт Есекина сөз сөйледі.
Спикерлер ретінде келесі тұлғалар қатысты:Алексей Шадрин мырза, Evercity басшысы/ «Ресейлік көміртегі» (РФ), Проф. Сейітғали Галиев, «Тау-кен технологиялары» ғылыми орталығының Бас директоры, Др. Айымгүл Керімрай, PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Др. Руслан Муратов, парниктік газдар шығарындылары саудасының сарапшысы. Пікірталасқа қатысқандар: Др. А. Наурызбаев, Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, А.Джартыбаева, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, П.Ананчай, «Greenovation Institute» Атқарушы директоры (Тайланд).
Сондай-ақ, Семинар жұмысына ДСМ, ЭГТР, ЭМ, ҰЭМ, БҰҰДБ, АҚШ, Финляндия Елшіліктерінің өкілдері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Даукеев атындағы Алматы Энергетика және байланыс университетінің, сонымен қатар бизнес-компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараның қорытындылары бойынша Қазақстан Үкіметіне тұрақты даму және шығарындылардың мониторингі үшін блокчейнді пайдалану бойынша ұсыныстар жасалды.
Семинардың жұмысын «Қазақстан», 24 KZ теле-радио каналдары баспаға түсірді.
Байланыс: Digital Health 2.0.:+7 747 293 26 43, d.kenesbayeva@gmail.com, 87078629093 Елдана, 87470947200,
https://dhastana.kz, Feebme — қолданбасы