KAZENERGY-ДЕ КӨМІРТЕКТІ СЕРТИФИКАТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылғы 26 ақпанда Астана қаласында «Kazenergy» қауымдастығында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және «Kazenergy» қауымдастығымен бірлесіп «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған «6-бап үшін көміртегі шығарындыларын сертификаттаудың ұлттық жүйесін құру»тақырыбында Тренинг-Семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты көміртегі шығарындыларын сертификаттау және стандарттау мәселелерін және олардың Париж келісімінің 6.8-бабын іске асырудағы рөлін талқылау болды.

Іс-шараға гибридті форматта 100–ден астам адам қатысты — ҚР Парламентінің депутаттары, ЭТРМ, СИМ басшылары, көміртекті бейтараптық Стратегиясының Жол картасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, «ҚАЗСТАНДАРТ» РМК, «Атамекен» ҚР ҰКП, ТМКҚ, «Франция-Қазақстан» СӨП, «ERG» АҚ, «ҚТЖ» АҚ», «FAO» жобасы, ORMEX, Aequilibria Srl., Гумилев атындағы ЕҰУ , ECOJER, Chapter Zero, GPI, ұлттық және халықаралық сарапшылар.

Қатысушылар алдында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ғалиаскар Сарыбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, Мансур Ошурбаев, SIPA/ЭЫДҰ бағдарламасының үйлестірушісі, Пелин Атамер, «Kazenergy» қауымдастығының атқарушы директоры, Аян Сүттібаев құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараның модераторы ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО Директоры, д-р Бақыт Есекина болды.

Баяндама жасағандар:

Д-р Алексей Кокорин, КӨЖҮТ сарапшысы, Нобель сыйлығының лауреаты (6.8-бапқа кіріспе және көміртекті сертификаттаудың рөлі);

Д-р Руслан Мұратов, Гумилев атындағы ЕҰУ (ҚР шығарындыларын реттеу үшін стандарттау және сертификаттау).

Даниэль Пернеготти, ISO сарапшысы, CEO Aequilibria srl. (Италия) (ИСО көміртекті басқару және көміртегіге көшу стандарттарының эволюциясы);

Гульнара Агиар, Бас Директор, Formex халықаралық стандарты және тізілімі (Франция) (Ауыл шаруашылығындағы көміртегі несиелерін сертификаттау).

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі үшін келесідей ұсынымдар қабылданды:

1. Парниктік газдар шығарындыларын мониторингілеудің, есептіліктің және бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіру және оны халықаралық талаптар мен стандарттармен үйлестіру;

2. Электр энергиясын тұтыну кезіндегі эмиссия коэффициенттерін қоса алғанда, салалық деңгейде өнімнің көміртегі сыйымдылығын бағалау үшін әдістемелік базаны әзірлеу;

3. Өндірісті жаңғырту және өндірістің көміртегі сыйымдылығын төмендетуге бағытталған төмен көміртекті технологияларды енгізу жөніндегі бағдарламаларды икемді қаржыландыру тетіктерін әзірлеу және енгізу;

4. Парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және/немесе сіңіру қабілетін арттыруға бағытталған жобалау қызметін іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік базаны әзірлеу және енгізу. Экспорттық өнімнің көміртегі сыйымдылығын өтеу үшін осы жобалау қызметінің нәтижелерін пайдалану;

5. Салалық төмен көміртекті брендтерді және төмен көміртекті өнімдерді сертификаттау жүйелерін дамыту, сондай-ақ осы өнімді еуропалық нарыққа жылжытуды ынталандыру;

6. 6-бап бойынша климаттық қаржыландыру тетіктеріне қатысу үшін парниктік газдар шығарындыларын сертификаттау жөніндегі ұлттық агенттікті (орталықты) құру.

Email: info@green-academy.kz