СОР-26: МОНОГРАФТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ «ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨНДІРУШІ САЛАЛАРЫН ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

2021 жыл  22 қазан күні Нұр-сұлтан қаласында «Қазгеология» АҚ Ұлттық геологиялық барлау компаниясының конференц-залында  «ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨНДІРУШІ САЛАЛАРЫН ДЕКАРБОНИАЗЦИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» монографияның тұсаукесері өтті.

ҚР Президенті жанындағы «Жасыл» экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры Бақыт Есекина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина және «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы Анвар Боранбаев құттықтау сөзімен ашты.

Тұсаукесерге Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі, ҚР Сенатының, ЭГТРМ, ЭМ, ҰЭМ, БҒМ негізгі министрліктерінің өкілдері, ЕО делегациясы, АҚШ елшілігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, АХҚО, ҚМГ, ҚазҰУ, ЕҰУ, ҚБТУ, АЭжБУ, Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ және де басқалары қатысты, сондай-ақ іс-шара ZOOM арқылы онлайн форматта көрсетілді. Бұл ісшараға барлығы 80 адам қатысты.

Әлемдік қоғамдастық осы жылғы 31 қазан мен 12 қараша аралығында Глазго қаласында (Ұлыбритания) өтетін БҰҰ климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 26-сессиясына дайындалуда (СОР-26).

Қазақстан шынайы технологиялық шешімдерге инвестициялай отырып, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтіп және өнеркәсіптік саясат, қаржы және зерттеулер сияқты негізгі салалардағы іс-қимылдарды үйлестіріп бұл ретте икемді көшу үшін әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етіп, декарбонизация шараларын енгізу бойынша көшбасшы елдермен бір қатарға тұра алады.

Мәлімделген мақсаттарға қол жеткізу ұлттық экономиканың технологиялық құрылымын түбегейлі қайта құруды және парниктік газдар шығарындыларын, ең алдымен экономиканың өндіруші салаларында таяудағы онжылдықта төмендету саласында батыл және жүйелі шаралар қабылдауды қажет етеді.

            ҚР ҰҒА академигі, г-м.ғ. д. Дәукей Серікбек  Жүсіпбекұлы редакциясымен жарық көрген бұл монография халықаралық тәжірибе мен отандық зерттеулерді қорытындылау негізінде дайындалған. Ғылыми басылымда жаһандық энергияға көшу және көміртегі әлеуеті жоғары экономикалардың көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мәселелері қаралды, ұлттық экономиканың өндіруші салаларының жай-күйі мен декарбонизация жолдары талданды, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу аясында Қазақстан Республикасының отын-энергетика және тау-кен металлургия кешендерінде төмен көміртекті технологияларды енгізу перспективалары негізделді. Танымал қазақстандық ғалымдар мен мамандар ұсынған және БҰҰ КӨНК (СОР-26) климаты бойынша тараптардың 26-конференциясы қарсаңында жұртшылықты хабардар ету және ұлттық ұстанымды қалыптастыру жөніндегі ортақ идеямен біріктірілген монографияның авторлық ұжымы ұсынылған талдамалық материалдар шешім қабылдайтын тұлғаларға да, сондай-ақ өндіруші салаларды декарбонизациялау технологиялары мен төмен көміртекті дамуға көшу проблемаларына қызығушылық танытқандарға да пайдалы болады деген үміт білдіреді.