СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебі түлектерінің қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған 2021 жылғы 26 қарашада «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметін кәсібилендіру: саясат, практика және сын-қатерлер» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шара ҚР мемлекеттік қызметін жаңғырту және мемлекеттік басқару Тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мәселелерін талқылау мақсатында өткізілді.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың – ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР СЖРА, ҚР ҰЭМ, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының басшылары мен қызметкерлері, ҰЖМБМ оқытушылары мен түлектері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары, магистранттары мен тыңдаушылары және т.б. қатысты.

Іс-шараның модераторы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.К. Әбіл болды.

Конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйлегендер:

— Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А.Н. Жайылғанова мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясат туралы;

— ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі А.А. Ахметов Мемлекеттік басқару тұжырымдамасы аясында мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру туралы;

— ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ.Н. Келімбетов ҚР-да стратегиялық жоспарлау туралы (онлайн);

— Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының басқарушы комитетінің төрағасы Ә.М. Байменов мемлекеттік қызметті жаңғыртудың өзекті мәселелері туралы;

—  «Астана» халықаралық ғылыми кешені Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ф.Ш. Қуанғанов тәуелсіз Қазақстанның саяси элитасын қалыптастырудағы ҰЖМБМ рөлі туралы;

— ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры, э.ғ.д., профессор Б.К. Есекина төмен көміртекті даму қағидаттарын ескере отырып, стратегиялық жоспарлауды жетілдіру туралы;

— Сиракуз университетінің Максвелл атындағы Азаматтық және қоғамдық істер мектебінің кәсіби білім беру және халықаралық ынтымақтастық директоры Дэниел Нельсон (АҚШ);

— ҰЖМБМ директоры (1995-1998 жж.) Х.Ш. Такуов мемлекеттік басқаруды трансформациялаудағы Академияның рөлі туралы;

— ҚР Ұлттық экономика министрлігі жобалық басқару департаментінің директоры И.А. Шварцкопф (2014 ж. түлегі).

Баяндамашылар өз сөздерінде мемлекеттік қызмет және басқарушы кадрларды даярлау саласындағы негізгі жетістіктермен қатар, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру және ҚР-дағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру шеңберінде бірінші кезекте шешуді қажетт ететін міндеттерді атап өтті.

Конференция бағдарламасы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі түлектерінің форумымен аяқталды.

Презентация