АСТАНАДА КЛИМАТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, 2026 жылғы 2 қазанда Астана қаласында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының алаңында «Қазақстан экономикасына климаттық инвестицияларды тартудың әлеуеті мен тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты — жаһандық климаттық инвестицияларды тартудың тиімді халықаралық тәжірибесін, CBAM (ЕО-ның өнім экспортына салынатын көміртегі салығы) бойынша жобаларды сертификаттау тетіктерін және климаттық инвестициялау жоспарын әзірлеуді талқылау болды.

Қатысушылар алдында құттықтау сөзбен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров мырза сөз сөйледі.

Баяндамашылар мен сарапшылар ретінде сөз сөйледі:

• д-р Йохан Нюландер, БҰҰ Даму бағдарламасының Париж келісімінің 6-бабы жөніндегі сарапшысы, Швеция (Жаһандық көміртегі нарығы және Париж келісімінің 6-бабының тетіктері);

• д-р Бахыт Есекина, ҚР Президентінің жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры (Экспортқа салынатын көміртегі салығы және CBAM-мен ықпалдасу тетіктері);

• Сакен Қалқаманов мырза, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы (Озық қолжетімді техникалар үшін климаттық инвестицияларды тарту тетіктері);

• Қуаныш Бейсенғазин мырза, Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының директоры (Қазақстан Республикасының Көміртегі бейтараптығы стратегиясын іске асырудың жол картасы).

Ұсынылған баяндамаларды талқылауға ҚР Құрылтайының депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі Ш. Ерназар мырза; Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының климаттық жобалар үйлестірушісі Г. Сергазина ханым; «Green Transition Central Asia» жобасының жетекшісі А. Санковский мырза; Дүниежүзілік банктің PMI жобасын іске асыру тобының үйлестірушісі С. Асылбеков мырза және басқа сарапшылар қатысты.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша климаттық инвестициялау жоспарын қалыптастыру, ұлттық шығарындылар саудасы жүйесін CBAM талаптарымен үйлестіру және Қазақстан өнеркәсібін декарбонизациялауға инвестиция тарту үшін Париж келісімінің 6-бабының тетіктерін дамыту тәсілдері әзірленді.

📄Бағдарлама: https://disk.yandex.kz/i/I3jRRtqzP6vpUQ

📧 info@green-academy.kz

🌐www.green-academy.kz