Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

2019 жылғы 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрі А.У. Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі- Кеңес) мәжілісі өтті.

Мәжіліс аясында Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының іске асырылу мәселелері талқыланды.

ҚР Ұлттық экономика министрі (ҚР ҰЭМ) Р.Е.Даленов ҚР ҰЭМ Статистика комитеті және «Green Academy» ҒБО-мен бірлесіп жасалған жобаның іске асырылу үрдісі жөнінде хабарлады. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ келісімшарты аясында, ЭЫДҰ қолдауымен жүзеге асырылған болатын.

ЭЫДҰ Ұлттық координаторы, «Green Aсademy» ҒБО Директоры, проф. Б.К.Есекина «ЭЫДҰ жасыл өсу көрсеткіштері негізінде жасалған Ұлттық есептің» дайындалу нәтижелері жөнінде баяндама жасады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиев ЭЫДҰ атынан алғы сөз сөйледі.

Мәжіліс соңында Қазақстан Республикасы Үкіметіне «жасыл экономикаға» көшудің заңнамалық және институционалдық негіздерін жетілдіру, жаңа «жасыл» индикаторлар мен табиғи-экономикалық есепке алу жүйесін енгізу арқылы ҚР-ның статистикалық есептілігі мен ақпараттық сыйымдылығын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ оларды стратегиялық жоспарлау жүйесіне біріктіру ұсынылды. Бұл ЭЫДҰ халықаралық Жасыл өсу стандарттары мен БҰҰ ТДМ-ға сәйкес «жасыл» экономикаға көшудегі өрлеуге бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.