ЦИРКУЛЯРЛЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2021 жылғы 24 маусымда «Циркулярлық экономикаға жол. Циркулярлық экономиканы қаржыландыруға және іске асыруға көмектесу» тақырыбында халықаралық вебинар өтті. Іс-шараны Дүниежүзілік банк пен Алматы қаласының Әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Циркулярлық экономика тұжырымдамасы метаболикалық тиімділік призмасы арқылы экономиканың дамуын трансформациялау үшін  және ресурстарды үнемдеу мен төмен көміртекті болашаққа бағдарланған көптеген стратегияларды ұсынады.

Іс-шара циркулярлық экономикаға байланысты халықаралық тәжірибені сарапшылардың қатысуымен талқылау және 2019 ж. қабылданған «Алматы қаласында циркулярлық экономиканы енгізу Стратегиясын» іске асыру үшін жұмыс тобын құруға мүдделі тараптарды тарту мақсатында ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындарының сарапшылары, Алматы қаласы мен облыстың ҮЕҰ, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.

Вебинарда Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы тұрақты даму секторының жетекшісі Джейн Ольга Эбингер және Алматы қаласы Әкімдігінің жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская алғы сөз айтып, презентациялар жасады.

Іс-шара аясында «Циркулярлық экономиканың халықаралық тәжірибесі» және «Қазақстанда циркулярлық экономика негізінде жасыл өсу мен жасыл жаңғыруға қол жеткізу» атты 2 сессия ұйымдастырылды.

Екінші сессияда «Жасыл Академия» ҒБО директоры доктор Бақыт Есекина «Циркулярлық экономиканының мониторингін экологиялық экономикаға интеграциялау» тақырыбында сөз сөйледі. Сонымен қатар, аталған сессияда «Циркулярлық экономика және қалалар: саясат және іс-қимылдар», «Экономикалары дамушы елдерде циркулярлық қалаларға көшу», «Алматыда циркулярлық экономиканы енгізудің нүктелік тәсілдері», «Қазақстанда циркулярлық экономикаға көшудің әлеуеті: құрылыстағы қосымша құн тізбегі туралы мәліметтер», «Алматы қаласында агломерация мен қалдықтарды басқару бағдарламасы» тақырыптарда баяндамалар талқыланды. Вебинардың қорытындысы бойынша спикерлер мен қатысушылар Алматы қаласында циркулярлық экономиканы енгізу мүмкіндіктеріне байланысты өз ұсыныстарын жасады. Оның ішінде Алматыда практикалық тәсілдерді жеделдету және циркулярлық экономиканың масштабын кеңейту қажеттілігі ерекше атап өтілді.